Ассоциация банков Казахстана

ҚР Президенті ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы
2021 жылғы 13 қазан
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 7 қазан

№ 670

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 670 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Ұлттық жобалар тізбесі

1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.

2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.

5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.

8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.

9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.

Категории: Актуальная тема, Общая, Политика

Копирование материалов разрешено с согласия редакции. Сайт создан AlmatySite.kz